Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 5% өсті

Үкіметтің кезекті отырысында осы аралықта еліміз өзгелермен 32 жарым млрд доллар шамасында сауда жасасқаны айтылды. Оның жартысынан астамы экспорттың үлесінде. Бұл ретте қазақстандық өңделген өнімді импорттау жағы артып келетіні байқалады. Өсім 8% асып жығылды. Бұл өз кезегінде жергілікті өңдіріс көлемінің қарқын алғанының белгісі  дейді, салалық министрлік өкілдері. Деректерінше, өткен төрт айда отандық өндіріспен қатар нақты және қызмет көрсету секторлары 5% өсім көрсеткен. Негізгі салалардың бәрінде оң динамика сақталған. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18% жетті. Ендігі мақсат осы межені еселеу.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда жоспарланған инвестициялық жобалар пулын іске асыруға күш салу қажет.  Біз биыл негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тартуымыз керек.

Үкіметтің биылғы мақсаты инфляцияны 2 есеге төмендету. Ақпанда жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін қазіргі таңда оның деңгейі 17% дейін баяулаған. Халықаралық валюта қорының болжамына сай, биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,3% деңгейінде сақталады.