Хош иісті ұнататын Баку тұрғындары

Ұшақтан түскен әрбір адам теңіз ауасын бірден сезінеді. Баку тұрғындары хош иісті заттарды пайдаланғанды ұнататындықтан ауадан қымбат әтірдің жағымды иісі, жаңа піскен тәтті нанның, сондай-ақ мұнай иісі сезіледі. Теңіз екі елдің арасын бөліп тұрған жоқ. Керісінше Қазақстан мен Әзербайжан ортақ түркі мәдениеті, дәстүрі, рухани мұрасымен жақындай түсті. Ежелгі достық қарым-қатынас тәуелсіздік жылдары одан сайын нығайды.