Қазақстан мен Қытай техникалық мамандарды бірге даярлайды

Қазақстан мен Қытай техникалық мамандарды бірге даярлайды

Оқыту барысында аспан асты елінің озық технологиясы қолданылады. Болашақта тараптар электромобильдер жинау, 3D модель басып шығару, өндірісті толық автоматтандыру сынды салаларда ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіптік жоғарғы оқу орны ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетерлігі, қытайлық жобаның мақсаты – кәсіптік білім беру орталықтарын бірлесіп құру арқылы шетелдік техникалық оқу орындарына білікті кадрларды даярлауға септесу. Бүгінгі таңда 21 елде осындай 26 шеберхана жұмыс істейді.