Қазақстан шетелге 1 млн 300 мың тонна бидай мен меслин экспорттады

Қазақстан шетелге 1 млн 300 мың тонна бидай мен меслин экспорттады

Еnergyprom.kz порталының дерегінше сырт елдерге жеткен отандық астық құны 370 млн долларды құраған. Дені Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан сынды ТМД аумағына тасымалданған. Сонымен қатар Ауғанстан, Түркия, Италия мемлекеттері де Қазақстаннан осы дақыл түрлерін тұрақты түрде импорттайды.

Айта кетейік былтыр елімізде 13 млн гектар алқапқа бидай егілді. Әдеттегідей, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан сынды астықты өңірлердің жер емген шаруалары бітік өнім жинап, ел қамбасына бидайдың ең көп көлемін құйған.