Қазақстан-Словения бизнес кеңесі құрылады
Қазақстан-Словения бизнес кеңесі құрылады. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бұл кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, тараптар инвестиция, атом энергетикасы, логистика, жаңаратын энергия көздері мен денсаулық сақтау, цифрландыру сынды маңызды салалардағы ынтымқтастықты арттыруға уағдаласты.

