Қазақстан Үкіметі отандық ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдайды

Қазақстан Үкіметі отандық ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдайды

Мемлекет шаруалардан тікелей 350 мың тонна астық сатып алады. Үкімет осылайша, былтырғы қуаңшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдамақ. Бұл туралы Премьер-Министр төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында белгілі болды. Астық сатып алу үшін, «Азық-түлік Корпорациясы» бағасын белгілемек. Одан бөлек, шаруалар өз берешектерін айыппұлсыз төлеп немесе астықтың бір сұрпын екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік алады. Ал, бұл шарттарды да орындай алмайтын кәсіпкерлер келісімді бір жылға соза алады. Үкімет басшысы – Әлихан Смайыловтың айтуынша, «Азық-Түлік Корпорациясының» сатып алуы нарықты тұрақтандырып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне үлкен көмек болады. Премьер-Министр жиналыс барысында мемлекеттік органдарға отандық шаруаларға жедел көмек көрсетуді тапсырды.