Қазақстанда 3 жыл ішінде қолданбалы ғылымға бюджеттен 500 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда 3 жыл ішінде қолданбалы ғылымға бюджеттен 500 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда 3 жыл ішінде қолданбалы ғылымға бюджеттен 500 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. 2024 жылы бағытталған қаржы көлемі 145 млрд теңгеден сәл асты. Оның жартысына жуығы бағдарламалық-салалық қаржыландыруға, қалған бөлігі ғылыми гранттар және коммерцияландыру мақсатындағы гранттық қаржыландыруға бағытталады. Жеке құрылымдар тарапынан бөлінетін қаржыға келер болсақ, ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бірлескен қаржыландыру үлесі алдағы 3 жылда 58% жетуі керек. Егер бұл жоспар жүзеге асса, 2027 жылы Қазақстан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына кететін қаржы көлемін Жалпы Ішкі Өнімнің 1% жеткізеді. Айта кетейік, ғылымға бөлінетін бюджет елімізде 3,3 есе өскен.