Тәуелсіздік жылдары ел экономикасы 11 есе өскен
Тәуелсіздік алғаннан бастап ел экономикасы 11 есеге өсім көрсетті. Мәселен, 1997 жылы жалпы ішкі өнім адам
басына шаққанда 1380 доллар болса, қазір 14 мың доллардан келеді. Яғни, жалпы
сомасы 310 млрд доллар. Бұл – Орталық Азия экономикасының шамамен 60%-ына тең. Оның ішінде шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жеткен.
Алғашқы жылдармен салыстырғанда бүгінде Қазақстан экономикасы мұнайға
тәуелділіктен біртіндеп арылып келеді. Айталық, 2010 жылы 16,5 пайыз болса,
қазір 8 пайызға төмендеген. Экспортты әртараптандыруға айрықша көңіл бөлініп,
қазір терең өңделген өндірісті дамытып жатыр. Ал, сырттан тартылған инвестиция
1993-2024 жылдар аралығында 441 млрд доллардан асқан.
Қажыгелді Жамбыл, экономист:
- Жоғары инвестициялық жобалардың екеуі Теңіз жобасы мен Қашаған. Атап айтқанда Теңіз жобасының 2 фазасының өзіне 48,5 млрд доллар жұмсалса, Қашаған кен орнына 60 млрд доллардан аса инвестиция жұмсалған екен. Бұл суммалардың екеуін қоссаңыз, кейбір елдердің тұтастай экономикасы шығады. Ал біздің елге келсек, бұл екі ғана жоба. Яғни бұл да біздің елдің әлемдік картада ойып тұрып орын алатын саласы екен.
Экономикалық тұрғыдан тәуелсіздік жылдары қабылданған ең маңызды жобаның
бірі – 2000 жылы құрылған Ұлттық қор. Әу баста қор елдің қаржы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуі тиіс еді. Мұнайдан түскен салық, үстеме табыс пен мемлекет
меншігіндегі мүлікті жекешелендіруден келген пайда Ұлттық қорға аударылады.
2024 жылы онда жиналған қаражат 66 млрд доллардан асқан. 2007 жылға дейін
Ұлттық қорға ақша тек жиналап келсе, 2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы орын
алған кейін шетінен республикалық бюджетке кері қайтарыммен беріліп келеді.
Бірақ Президент келер жылдан бастап қорда ақша алуды доғаруды тарсырды.

