Құрық порты 1,8 млн тоннадан астам жүк өңдеді

Құрық порты 1,8 млн тоннадан астам жүк өңдеді

Қазақстан жүк тасымалы нарығында ірі жол торабына айналып келеді. Қытайдан Еуропаға артылған тауарлардың негізгі бөлігі Қазақстан арқылы өтеді десек, қателеспейміз. Бұған әлел ретінде, статистикаға көз жүгірте аламыз. Оған сәйкес, Аспан асты елі мен Орта Азия мемлекеттерінен тасымалданатын тауарлардың артуын айтуға болады. 2023 жылдың 10 айында Құрық теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15% жоғары. Оның ішінде 1,2 млн тоннадан астамы портқа темір жол көлігімен жеткізілді. 10 айдың ішінде порт 600-ге жуық паромды, 16,5 мыңнан астам вагонды, сондай-ақ ондаған  жүк және жеңіл автокөлік құралдарын өңдеді. Құрық порты арқылы мұнай және химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар тасымалданады. Сонымен қатар транзитпен жабдық, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металдан жасалған бұйымдар өтеді.

Серік Ахметов, Құрық портының бас директоры:

– Қазіргі уақытта қазақстандық өнімдер дәстүрлі вагондармен тасымалданады.  Олар 1520 милиметрлік темір жол табандарына арналған. Дәл осы талаппен салынған жолдармен отандық экспорты ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашылып отыр. Бұған Әзербайжан мен Грузия бағыты сай келеді. Осылайша қазақстандық өнімдерді тікелей Қара теңізге дейін жеткізуге болады.