Қазақстанда әлеуметтік аудит жүргізу бастамасы қолға алынбақ

Қазақстанда әлеуметтік аудит жүргізу бастамасы қолға алынбақ

Қазақстанда әлеуметтік аудит әдісін енгізу керек. Мұндай бастаманы ЭКОСАИ экономикалық ынтымақтастық ұйымының 9-шы Ассамблеясына қатысушылар көтерді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгеріс бағдарламалардың, ұлттық жобалардың қаншалықты тиімді екенін, жалпы алғанда олардың ел азаматтарына қандай пайда әкелетінін көрсетеді. Оның арқасында мемлекеттік органдардың цифрлық жүйені қаншалықты тиімді пайдаланатынын білуге ​​болады. 

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы:

– Біз аудиттің ақша немесе ресурстардың жұмсалуын тексеруге бағытталғанына үйреніп қалдық. Біз әлеуметтік аудит туралы айтып отырмыз, ол кезде адам аудит объектісіне айналады. Бұл адамның өмір сүру деңгейіне қаншалықты қанағаттанғанын, оның табысына, денсаулығына, біліміне қаншалықты көңілі толатынын бірнеше критерийді қамтиды деп ойлаймыз.

Айта кетейік, әлеуметтік аудит өткізу мәселесі әзірге  ЭКОСАИ-ға мүше 11 мемлекеттің арасында көтеріліп отыр. Бұл экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының ұйымы. Қазақстан бұл ұйымға соңғы 3 жыл бойы төрағалық етіп келеді.