Нұр-Сұлтанға Сербияның рухани жетекшілері келеді

Нұр-Сұлтанға Сербияның рухани жетекшілері келеді

Сербияның рухани көшбасшылары мен сарапшылары Қазақстанның дінаралық диалогты ілгерілетудегі күш-жігерін қолдады. Бұл туралы Белград қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне арналған сарапшылық кездесуде айтылды. Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов аталған шараның дінаралық диалог алаңы ретіндегі бірегейлігін атап өтті. Сербия тарапынан қатысқан сарапшылар мен рухани дінбасылар елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты жақсартудағы дінаралық диалогтың ролін атап өтті. Және бүгінгідей күрделі халықаралық жағдай кезеңінде рухани дипломатия саласында мұндай жаһандық шаралардың өткізілуі өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, Сербия тарапы қыркүйекте Қазақстан астанасында өтетін Съезге қатысатынын растады.