Қазақстанда белгіленген жоспардан 6,4 трлн теңгеге артық салық жиналды

Мұнай, валюта бағамы және экономикалық белсенділік. Шоғырландырылған бюджеттің осы үш алып саласы республика бюджетіне салық түсімдерінің қарқынды өсуін қамтамасыз етті. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, тоғыз ай ішінде елімізде 5,4 триллион теңгеге салық жиналды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ке артық екенін айта кеткен жөн. Осылайша, белгіленген жоспардан 6,4 триллион теңгеге артық салық жиналды. Сарапшылардың пікірінше, мұнай  бағасының өсуі мен доллардың бюджеттік көрсеткіштерге қатысты жоғарылауы елдің оң экономикалық өсу динамикасымен бірге салық түсімдерінің айтарлықтай жақсаруына әкелді. Осы жылдың соңында Қазақстанда шамамен 18 триллион теңге салық жинау жоспарланып отыр. Дегенмен бұл көрсеткіш бұдан да артық боуы мүмкін, дейді мамандар.