Полиция 113 барымташыны қамауға алды

Полиция 113 барымташыны қамауға алды

Қыс жақындап, жұрт малын ит-құстан қорып жүргенде, екі аяқты қасқырлар да қояр емес. Соғым уақыты басталар шақта полицейлер 100-ден аса мал ұрлығын ашқан. 113 адамның қолына кісен салынды. Бұл үш күндегі жағдай. Барымташылардың көбі алдын-ала дайындалып, қылмыстық топ құрған. Ұрлықы малды арнайы жасырын цехтарда сойып келген. Алматы мен Астананың өзінде мұндай орындардың алтауы әшкереленді. Әбүйір болғанда Ауқымды операция кезінде тәртіп сақшылары 12 мыңнан аса көлікті, 3 жарым мың сатып алу орны мен 8 мың шаруа қожалықты тексеріп шыққан. Тіпті жұрт жиі баратын, аты дардай базарлардың өзінде жалған мөр пайдаланып, ет сатып жүргендер анықталыпты.