Халықаралық қатынастарды реттеу тәртібі жетілдіріледі

Халықаралық қатынастарды реттеу тәртібі жетілдіріледі

Еліміздің шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас реттеу тәртібі жетілдіріледі. Палата отырысында Сенат депутаттары заң жобасын таныстырды. Құжат заңнамадағы олқылықтар мен нормалардың қайшылығын жоюға мүмкіндік бермек. Мұнда «дәйектеу» және «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралып, «қол қою» және «өкілеттік» ұғымдары нақтыланды. Жаңа заң жобасы халықаралық шарттарға қол қою кезінде бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған. Мәселен, енді ел Президенті халықаралық шарттарға қол қойғанда немесе бұл міндетті басқа лауазымды тұлғаға жүктегенде оған қосымша өкілеттік берудің қажеті болмайды.

Дана Нұржігітова, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі:

- Қазақстан қол қойған халықаралық шарттар үнемі сарапталып, жетілдіру үстінде болуы қажет. Қарауымыздағы заң жобасы осы мақсатта әзірленген. Заң жобасы халықаралық шарттар құқығының нормаларын сәйкестендіру, яғни Вена конвенциясына, сондай-ақ орын алған коллизияларды жою мақсатын көздейді.