Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлінді

Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында қордан 30 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл қаражаттар нысаналы трансферттер түрінде Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға бағытталады. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тапсырылды.

Динара Әлімова, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз-хатшысы:
-Жалпы биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға Үкімет барлық көздерден 494 млрд теңге бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.