Шенеуніктердің жалақысын көтеруге мораторий жарияланды

«Президент Үкімет мүшелері мен депутаттар және әкімдердің жалақысын көтеруге 5 жылға мораторий жариялап, шектеу қойды», деп хабарлайды Хабар 24. Себебі олардың қазіргі айлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жеткілікті. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлердің нәпақасы мемлекеттік қазынаның мүмкіндігіне қарай артатын болады.

Әлихан Смайылов Премьер-Министр лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.