Қазақстанда «Берекелі Бастама» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда

Қазақстанда «Берекелі Бастама» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда

Қалалардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мен абаттандыруда тұрғындардың ұсыныстарын ескеру. Қазақстандық қалалар «Берекелі бастау» бағдарламасына қосылуда. Оның аясында азаматтар өздері тұрып жатқан шаһардың келбетін көркейтуге бағытталған жобарды таңдау үшін дауыс бере алады. Көптің қалауымен үздік бастама жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Q88 урбанистер Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Ерлан Әукенов мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында елдің батысындағы Ақтау мен Атырау қалаларын дамыту бойынша талап-тілектер жинау науқаны аяқталды. Порталда қазір 98 ұсыныс жарияланды. Қазақстандықтар ең өзекті жоба үшін өз дауысын 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында бере алады.

Ерлан Әукенов, Q88 урбанистер қауымдастығының төрағасы:

– Жобаның басты мақсаты азаматтарды қаланың басым өзгерістер үрдісіне тарту. Тұрғындар енді өздерінің талғамдары мен қалауларына сай  саябақты абаттандырудан бастап , спорт алаңдарын салу, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастыруға дейін және мобильді топтар үшін жағдай жасау, көлік реформасын іске асыру немесе өңірдегі экологиялық факторларды жақсарту сынды  қаланы көраейте түсуге бағытталған  кез келген идеяны ұсына алады.

Павлодар қанатқақты бастамаға келесі кезекте қосылатын қалалардың бірі  ретінде таңдалды. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын жинау 8 маусымға дейін жалғасады. Кейін дауыс беру арқылы үздік жобалар іріктеледі.  Ерлан Әукеновтың айтуынша, қазіргі таңда бағдарламаға қазақстандық қалаларды барынша көбірек қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған қалалардан кейін тізімге Шымкент, Рудный, Ақсу және Хромтау енуі мүмкін.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов