Еліміздегі табиғи парктердегі ең танымал 5 визит-орталық анықталды

Еліміздегі табиғи парктердегі ең танымал 5 визит-орталық анықталды

Қазақстанда Ұлттық парктердің адам ең көп келетін визит-орталықтарының тізімі жарияланды. Оған сәйкес, Алматы облысындағы «Іле-Алатау» Ұлттық табиғи паркіндегі «Turgensai» орны көш бастап тұр. Екінші орынға «Sharyn» визит орталығы жайғасты. Ол да Алматы облысында орналасқан. Туристер арасында танымалдығы жағынан үздік үштікті Ақмола облысындағы «Зеренді» орталығы қорытындылады. Ал, бестікке Қорғалжын қорығы мен «Алтын Емел» визит орталықтары кірді. Жалпы барлық 5 кешенде 2023-і жылдың бірінші жартысында  330 мыңнан астам  турист келген екен. 

Ақмарал Меңлібек, ҚР Туризм және спорт министрлігінің басқармасының бас сарапшысы:
- Табиғи парктердегі визит-орталықтар күзейтілген режимде күзетілетін аумақтың 5% аспайды. Сонымен қатар, экологияға зиян тигізбейді. Олардың ішінде сол мекен туралы толық ақпарат көрсетіліп қана қоймай, туристерге ас беріліп, уақытша орналастыру қызметі көрсетіледі. Бұндай нысандар экологиялық туризмнің кеңінен насихатталуы үшін жасалды. Туризмнің бұл түріне Қазақстанда жыл санап сұраныс артып келе жатқанын айтқымыз келеді.