Қазақстанда энергетикалық нысандарды реконструкциялау мен жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Ол 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Нәтижесінде тиісті іс-шаралар жоспары қабылданады. Сонымен қатар Көкшетау мен Семейде жаңа жылу электр станцияларын салу жұмыстары жүргізілуде, ал Павлодар мен Екібастұзда нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл туралы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауда айтылды. Сондай-ақ, отырыс барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері де қаралды. Сенат Төрағасының айтуынша, бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қамындағы тиімді шешімдердің бірі.

Айта кетейік, қазірдің өзінде Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жоба тиімділігін көрсетсе оны республикалық деңгейде қарастыру мүмкіндігі бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Осы мақсаттарға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлеріне 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып, бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның тиімділігін сенаторлар қадағалауға алады.