Қазақстанда «Интер кардиология» ұғымын енгізген Қытайдан оралған қазақ дәрігері
Бүгінде Қазақстанда күн сайын 200-ден астам адамға кардиохирургиялық операция жасалады. Осылайша отандық дәрігерлер жылына 76 мыңға жуық сырқатты ажалдан арашалайды. Осы тұрғыда жүрекке операция жасау ісіне қомақты үлес қосып жүрген мамандардың бірі – Бегылан Стамбол. Ол жүрекке стенд қою үдерісін үдетуге ден қойған дәрігер.
Беглан Стамбол дарынды дәрігер ғана емес, ол Қазақстанның денсаулық сақтау саласына жаңа серпін, тың технология алып келген білікті маман. Әсіресе, өзі маманданған жүрек қан-тамырлары ауруларын емдеу ісіне алғашқылардың бірі болып, интервенциялық кардиология ұғымын енгізіп, сол жаңа үдерісті жүзеге асырып отыр.