Қазақстанда халық санағы басталды
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы сауалнаманы онлайн-режимде өту. Виртуалды көмекші сізге және отбасы мүшелеріңізге парақты қалай толтыру керегін көрсетеді.
Ал екінші кезең дәстүрлі форматта, яғни интервьюерлер 1 қазаннан 30 қазанға дейін үй-үйді аралайды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – электронды планшеттерді пайдалану.
Сондай-ақ санақ жүргізу кезеңінде 1446 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейтін болады. Қоңырау ұялы телефон арқылы да, қалалық телефон арқылы да қолжетімді.
Айта кетейік, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда халық санағы үшінші рет өткізіліп отыр.
Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:
- Санақтан онлайн-режимінде өттім. Менің жанұям алты адамнан тұрады. Санақ парақшаларын толтыруға 30 минуттай уақыт кетті. Өте ыңғайлы.
Авторы: Ақзер Сегізбай