Қазақстанда мал басы азайып, ет қымбаттап барады
Қазақстанда мал басы азайып, ет қымбаттап барады. Бұған қатысты мәжіліс кулуарында депутат Айдарбек Қожаназаров пікір білдірді. Осыдан үш жыл бұрын бұқа етінің экспортына тыйым салынғаны бар. Соның салдарынан фермерлер тұяқтылардың аналық түрін саудалай бастаған. «Енді міне арты ет бағасының шарықтауына әкеліп соқты», - дейді мәжілісмен. Қазір базарда қой мен жылқы етін де табу қиын. Оның үсіне жем-шөптің де құны шарықтап тұр. Мәселен, бір бұзауды өсіріп, семірту үшін кемі 2 жыл керек. Ал екі жылғы шығын ақталмаса, мал ұстаудан пайда жоқ. Айта кетейік, соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда мал саны 2 млн басқа азайыпты. Мәселен, былтырғы жылғы санақ бойынша елде 9 млн-ға жуық ірі қара, 21 млн-нан астам қой мен ешкі, 4 млн жылқы болған.

