Қазақстанда осы аптада бірнеше халықаралық шара өтеді

Қазақстанда осы аптада бірнеше халықаралық шара өтеді

Қазақстанда «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» халықаралық туристік форумы ұйымдастырылады. Шара 11-ші қазанда киелі шаһарда бас қосатын Түркі мемлекеттері ұйымы министрлерінің 8-ші кездесуінің аясында өтеді. Кездесуде Ұйымға мүше және бақылаушы елдердің ірі қалалары арасындағы тікелей рейстерді ұлғайту, «Жібек жолы» туристік әлеуетін арттыру және саланы дамыту мәселелері қаралады. Сондай-ақ қазір елімізде литвалық делегациясының Қазақстанға сапары өтіп жатыр. Іскерлік топ 2 күн бойы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да салаларда екіжақты ынтымақтастықты талқылайды. Ал ертең Астанада Қазақстан мен Польша сыртқы саяси ведомстволарының бейінді департаменттерінің саяси консультациялары жоспарланып отыр. Қос тарап саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстың аясын кеңейту  жағын талқыға салады.