«Мерейлі отбасы-2024» байқауының жеңімпаздары анықталды
Биыл Маңғыстау облысы бойынша «Мерейлі отбасы - 2024»
байқауына қатысуға 54 отбасы ниет білдірген екен. Оның ішінде көп балалы және
жас отбасылар белсенділік танытқан. Кеше аймақта ұлттық жобаның жеңімпаздары
анықталды.
«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне 14 отбасы қатысты. Олардың
барлығы қала және аудандық сайыстан озық шыққандар. Бас жүлдені Қызан ауылынан
келген Мұқырбаевтар әулеті иеленді. Отағасы Бұғабай Мұқырбаев жылқыны жан
серігі етіп, ат жаратып, тұлпар баптап, киелі өнердің жарасымын тауып жүрген
жандардың бірі. Ол елімізде алғашқы ұйымдастырылған «Ұлы Дала
жорығы» 1200 шақырымдық марафон-бәйгеде бас жүлдені жеңіп алған маңғыстаулық
«Көкмойнақ» командасының бапкері. Мұқырбаевтар отбасы – 6 бала, 23 немере
тәрбиелеп, өсіріп отырған үлкен қара шаңырақ.

