Қазақстанда өткен тәулікте 1 264 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 1 264 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 285;
Алматы қаласы – 366;
Шымкент қаласы – 36;
Ақмола облысы – 50;
Ақтөбе облысы – 26;
Алматы облысы – 91;
Атырау облысы – 36;
Шығыс Қазақстан облысы – 28;
Жамбыл облысы – 18;
Батыс Қазақстан облысы – 81;
Қарағанды облысы – 98;
Қостанай облысы – 44;
Қызылорда облысы – 4;
Маңғыстау облысы – 6;
Павлодар облысы – 47;
Солтүстік Қазақстан облысы – 35;
Түркістан облысы – 13.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 229 217.