Қазақстанда теңіз кемесін құрастыру өнеркәсібі іске қосылады

2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық даму жоспарына сәйкес, республиканың паром флотында кемелер мен танкерлерге сұраныс артып келеді. Кеме құрастыру зауыты Маңғыстау облысының аумағында, Каспий теңізінің жағалауында орналасады. Ал Ақтау теңіз портында Құрық және  Баутино айлақтарының желісін қолдана отырып кемелер қозғалысын басқару  жүйесін енгізу жоспарланып отыр.  Бұл теңізде су көліктері апатының алдын алу үшін аса маңызды. Сонымен қатар аталған аймақта құтқару үйлестіру орталығы құрылады. Қазіргі таңда мұнда мемлекеттік органдардың бақылау қадағалау фнкциясын цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. Осыған орай теңіздің өткізу пункттерінде бірыңғай терезе қағидасына сай құжаттардың электронды айналымы жүйесі құрылмақ.