Қазақстанда туризм саласында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр
Қазақстанда туристік
инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Имантау-Шалқар
курорттық аймағында автожолдар салынуда, Ал, Жасыбай көліне кіреберіс жолға
жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ Абай облысындағы Алакөл көлінің, Балқаш
қаласындағы Бертіс шығанағының жағалауы абаттандырылуда. Бүгін елімізде 83
инфрақұрылымдық жоба іске асу сатысында.
Ақмарал Меңлібек, ҚР мәдениет және спорт министрлігі комитеті басқармасының бас сарапшысы:
- Жүргізіліп жатқан жұмыстар елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік инфрақұрылымды жақсартуға арналған. Елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында инфрақұрылымды дамытудың түйінді мәселелерін шешу мақсатында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, өткен жылы
ғана елімізде 28 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде Балқаш
курорттық аймағында инженерлік коммуникациялар салу және Ақтау қаласына дейін
автомобиль жолының құрылысын салу аса маңызды.