Қазақстанда жол көлік оқиғалары мобильді қосымшаның көмегімен реттеледі

Ақзер Сегізбай:

– Қазақстанда сақтандыру саласы одан әрі  цифрландырылады. Енді жол көлік оқиғаларын рәсімдеу оңай әрі тез яғни, полицияның қатысуынсыз, мобильді қосымшаның көмегімен жүзеге асыралады. Тиісті заң жобасы бүгін сенаттың жалпы отырысында талқыланып, мақұлданды. Заң жобасын жоғары палата депутаттарына таныстырған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтуынша, 2019 жылдан бері міндетті автосақтандыру шарттары онлайн түрде жүргізңліп келеді. Енді оны оңтайландыратын, сотқа жүгінбей реттейтін шешімді жүзеге асыратын кез келді.   

Мәдина Әбілқасымова, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы:

– Заң жобасының маңызды жаңалығы – міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігін енгізу. Қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңнамалық тұрғыдан  2007 жылы белгіленді және сол кезден бері жаңартылған жоқ. Икемді тарифтеу жүйесі Қазақстан өңірлері бойынша нақты болатын апаттарды ескереді және сақтандыру тарифтерін  автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елімізде биылғы жылдың 5 айында жалпы 5211 жол көлік оқиғасы орын алған. Онда 744 адам қаза тауып, 6909 адам жараланған. Ең көп жол көлік оқиғасы республиканың оңтүстік өңірінде, атап айтсақ, Алматы қаласы, Алмтаы облысы және Жамбыл облыстарында.