Жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

Жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады. Онда оқушылар, студенттер, ғалымдар мен кәсіпкерлер цифрлық сауаттылығын арттырады. Мемлекет басшысы бүгін бұл саладағы қол жеткізген жетістіктерді еселей түсуді тапсырды. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажеттігін айтты.

Осы жұмысты ілгерілетуге Парламент депутаттары да атсалысады.