Қазақстандық ұсақ және шағын бизнеске көмек көрсететін стартап жасап шығарды

Қазақстандық әзірлеушілердің цифрлық өнімі әлемдік деңгейде мойындалды. Отандық айти-мамандар жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты. Құрылғының көмегімен шағын бизнес иелері 3 минут ішінде өз интернет-дүкенін ашып, небәрі бірнеше жыл ішінде сатылымдарын 10 есеге дейін арттыра алады. Қазіргі таңда қосымшаға Қырғызстан, Украина, Молдова, Польша, Чехия, Түркияны қоса алғанда, 8 елдің 2,5 мыңға жуық азаматы тіркелген. Оның 2 мыңы - белсенді қолданушылар.

Бақытжан Дос, стартап-өнім авторы:

– Бұл сауда үйлеріндегі бутиктер, базарлардағы контейнерлер, наубайханалар, отбасылық мейрамханалар, үйдің айналасындағы шағын дүкендер болуы мүмкін. Біздің қосымшаның басты ерекшелігі – біз кез-келген шағын/ұсақ кәсіпорынға технологиялық серіктес бола аламыз. Яғни, өз қаласында немесе аймағында, өз саласында озық болғысы келетін кәсіпкерлерге назар аударамыз.

Бүгінде Силикон алқабында сәтті қызмет етіп жатқан стартап-компанияның негізін қалаушы, әзірлеуші Бақытжанның айтуынша, аталған өнім көптеген пайдалы сервистерді қосуды қарастырып отыр. Қосымшаның арқасында шағын бизнес иелері түрлі жолдармен тапсырыс ала алады, сондай-ақ олардың онлайн-сату процесі едәуір жылдамдайды. Айта кетейік, қазіргі таңда әзірлеушілер қосымшаның бета-тестілеуін аяқтап оны бүкіл әлем бойынша одан әрі танытуға ниетті.

Бақытжан Дос, стартап-өнім авторы:

– Біз алдағы жарты жылда өнімнің белсенді пайданаушыларының санын 20 мыңға дейін көбейтікіміз келеді. Біз үшін кез келген жетістігіміз маңызды, сондықтан әр жетістігімізді мұқият сараптап отырамыз. Қосымшаны іскерлер үшін бейімдеп қана қоймай, көптеген қызметтерді кірістіру бойынша ауқымды жоспарымыз бар. Сондай-ақ, виртуалды өнімдер нарығын игеруді де көздеп отырмыз.