Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн-ға жуықтады

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн-ға жуықтады

Финпром порталы келтірген деректерге сай былтыр бұл көрсеткіш 1,7% өскен. Мәселен, қалаларда тұрақты түрде нәпақа табатындардың қатары артқаны байқалса, ауылдық жерлерде керісінше кеми түскен. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 94 жарым процентінің тек бір ғана негізгі қызмет орны болса, өзгелерінің жеке шаруашылық және қосымша табыс көзі бар. Жұмыспен қамту бойынша Алматы көш бастап келеді. Үздік үштікке Алматы мен Түркістан өңірлері де кіріп отыр. Ал Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстанда өзге аймақтарға қарағанда жұмыссыздар саны басым. Дені көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу, білім беру, орман және балық шаруашылығында жұмыс жасайды. Ал сумен қамту, өнер, ойын-сауық, демалыс секторы және электрмен жабдықтау салаларында маман тапшылығы сезіледі.