Қазақстандық анимациялық фильм әлемдік кинофестивальдерде марапатқа ие болды

Қазақстандық анимациялық фильм әлемдік кинофестивальдерде марапатқа ие болды

Қазақстандық жас режиссердің «Таспа» анимациялық фильмі беделді әлемдік кинобайқауларда 50-ден астам түрлі марапат пен номинацияларға ие болды. Полла-Илария Козиноның қысқаметражды туындысы күтпеген жерден сиқырлы әлемде оянып, өз жолында ерекше кейіпкерлерді кездестіретін қыз туралы баяндайды. Автордың айтуынша, картинаны түсіру жұмыстары екі жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт аралығында фильм АҚШ, Еуропа, Ресей, Жапония, Қытай фестивальдеріне қатысып, әлемдік киносыншыларының оң пікірлерін алды.

Айта кетейік, режиссер Алматы қаласында туып-өскен.

Полла-Илария Козино, режиссер:

- «Таспа» – қыз өмір сүретін әдемі әлемді бейнелейтін қысқаметражды анимациялық фильм. Басты кейіпкер өз мақсатына жету үшін көптеген кедергіні жеңе біледі. Бұл – өте әсерлі фильм, нағыз драма. Өйткені өмір, өлім тақырыптарын және «Біз өзімшілміз бе немесе басқа адамдарға қамқорлық жасаймыз ба?» деген шешімдеріміз туралы түрлі сұрақтарды көтереді. Мұның барлығы кейіпкердің көзімен суреттеліп, оның басынан өткен тәжірибесін көрсетеді. Сондықтан бұл – өте шынайы оқиға.

Екі жыл бұрын қазақстандық режиссер өзінің анимациялық студиясын ашып, қазір осы бағыттағы жобалармен жұмыс істеуді жалғастыруда.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов