Қазақстандық «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда үздік атанды

Қысқа анимациялық фильм Roshani International Film Festival-інде отандық картина әлемнің түкпір-түкпірінен келген 132 бәсекелесінен оқ бойы оза шықты. Төртінші рет ұйымдастырылған халықаралық конкурста «Бесік жыры» қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, 2021 жылы шыққан лента бұған дейін Испаниядағы беделді кинофестивальде «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған.