Қазақстандық ғалымдар жануарлар мен құстарға арналған фитопробиотиктер ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар жануарлар мен құстарға арналған экологиялық таза жем қоспаларын ойлап тапты. Қоспалар жануарлардың денсаулығына тек пайдасын тигізеді. Оның үстіне, ет сапасының да әлдеқайда жақсаратыны анықталды.

 

Бұл фитоөнімді алғаш заанен тұқымды ешкілерге сынаған екен. Нәтижесінде, Сексек баба тұқымы 35% көп сүт берген. Өнімділікпен қатар сапасы да едәуір артқан. Жүргізілген зерттеулерден кейін, ғалымдар өз жобасын коммерцияландыруда. Ғылым Қорының қолдауының арқасында олар 169 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыру иеленді. Бұл қаражаттың арқасында қажетті қондырғылар сатып алынып, осы бірегей жем қоспаларын шығаратын 3 цехтың жұмысы жолға қойылды.

 

Юрий Балджи, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  профессор:

 

- Біз мал азығына қажетті арнайы қоспалар жасап қана қоймай, өзіміз әзірлеген  қоспалармен байытылған жем шығарамыз. Сондай-ақ, біз дәл осындай  құстарға арналған экструдталған жем және оны  құнарлы ете түсетін қоспалар шығара бастадық. Жақын арада балықтардың бағалы түрлерін қоректендіру үшін арнайы қоспалармен байытылған жем базасын дайындауды жоспарлап отырмыз.

 

Қазір ғалымдар картоп пен саңырауқұлақ қалдықтарынан жаңа жем қоспаларын жасаумен айналысып жатыр. Зерттеушілер алғаш тәжірибе жұмыстары сәтті өткенін де хабарлады. Осылайша, олар болашақта өздерінің шығаратын өнім жиынтығының қатарын кеңейтіп, жаңа нарықтарға шықпақ ниетте. Қазірдің өзінде, бұл фитоөнім жергілікті шаруа қожалықтары мен төрт түлік баптайтын жандар арасында сұранысқа ие екен.

 

Юрий Балджи, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  профессор:

- Біздің қоспалар өсімдік экстракттарынан құралады. Оны шикі түрінде жинап, жасаймыз. Одан қалды жемді байытамыз. Бұны фитопрепарат немесе фитопробиотик деп атауға болады. Тіпті, фитоник деген заманауи атауы да бар. Неге десек, бұлар антибиотиктерді алмастыратын препарат есебінде болады. Сондықтан, адам денсаулығына еш зиянды әсері жоқ. Табиғи, органикалық өнімге жақын десек, еш қателеспейміз.