Әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа тетіктері

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа тетіктері

Әйелдер – экономиканың тек тұтынушысы емес, дамытушысы. Астана халықаралық форумы аясында әйелдер кәсіпкерлігіне арналған арнайы панельдік сессия өтті. Жиынға әлемнің әр түкпірінен келген саясаткерлер мен бизнестегі беделді әйелдер қатысты. Олар гендерлік теңдік, қаржылық қолжетімділік пен бизнес жүргізудегі кедергілерді талқылады. Нәтижесінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа тетіктері ұсынылды. Нақтырақ айтар болсақ, ерлер мен әйелдер үшін бизнестегі тең мүмкіндіктерді қолдайтын сертификаттау жүйесі таныстырылды.