Қазақстандық колледждерде «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды

Қазақстандық колледждерде «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды

Қазақстандық колледждерде бизнес жүргізудің қыр-сыры үйретіледі. Елімізде былтырдан бері орта кәсіптік білім беру ошақтарының қабырғасында «Business Startup» студенттік орталықтары құрыла бастады. Бүгінде олардың саны 20 жетті.

Сарапшылар жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен студенттердің өз бизнес идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі туғанын айтады. 2028 жылға дейін ел бойынша осы тектес 100 орталық ашу жоспарланған. Бүгінде 97 колледжде өндірілетін өнімдер нарыққа шықты. Бұл олардың оқумен қатар жүретін табыс көзіне айналды.     

Бегжан Садуәқасов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында білім беру жүйесін толықтай жаңғыртуды тапсырған болатын. Бұл ретте кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындауға басымдық берілсін деді. Бұл орталықтарда студенттер тәжірибелі менторлардан кәсіп жүргізуге қатысты қажетті дағдыларды меңгеріп, өздерінің стартап жобаларын таныстырып, үздік бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау таба алады.