Жер қойнауына қатысты электрондық аукциондарға өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда жыл соңына дейін көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға қатысты 25 аукцион өткізу жоспарланған. Бұл жөнінде арнайы брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, ендігі электрондық саудалар жаңартылған талаптармен өтуі мүмкін. Бұған дейін ұйымдастырылған екі аукционның нәтижесінде тиісті құжатқа біршама өзгеріс енгізу қажеттілігі туындаған.

Еске салайық, жаңа жүйенің алғашқы саудасында 8 жер қойнауы бойынша келісім жасалды. Екіншісінде 9,3 млрд теңгені құраған 10 учаске бойынша шартқа қол қойылды. Жалпы көмірсутектер бойынша 276 келісім жасалған. Бұл ретте әлеует мол. Сұраныс та бар. «Сондықтан тәртіпке қосымшалар енгізу қажет дейді», – спикер.

Қарағаев Жұмабай, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Атап айтқанда, қол қою бонусының бастапқы мөлшерлерін кем емес мөлшерлерінде аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасын енгізу. Аукцион жеңімпазы қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерлерін төлемеген жағдайда екінші қатысушыны жеңімпаз деп тану. Жылына екі реттен көп емес аукцион өткізу шектеуін алып тастау мәселесі пысықталуда. Мүдделі мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және салалық қауымдастықтардың қатысуымен тиісті жұмыс тобы құрылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов