Түркі елдерінің экономикалық саясатын зерттеу орталықтарының бірыңғай желісі құрылады

Елордада бас қосқан Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстанның өкілдері 2040 жылға дейінгі өзара даму стратегиясын талқылады. Түбі бір бауырлас халықтардың кемел болашағына бағдарланған құжат жоспарының дені бірлескен экономикалық шараларды қамтиды. Яғни тараптардың танзиттік дәліздерін жаңғырту және алыс-берісі мен инвестиция ағынын арттыруды көздейді. Бұл ретте әр елдің әлеуеті баршылық. Мәселен, тек былтырдың тоғыз айында ғана Қазақстан экономикасына Түркі елдерінен 700 млн доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. 2005 жылдан бері бұл көрсеткіш 5 млрд долларға жуықтаған. Сауда-саттық көлемі де алға басып келеді.

Долорес Төлебекова, ҚР экономикалық зерттеулер институтының әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры:

- Бұл ретте айтарлықтай өсім бар. Мәселен, 2010 жылдан бері үш жарым есеге ұлғайды. Яғни 4,8 млрд доллардан 12,9 млрд-қа жетті. Бұл көлемді одан әрі еселеу үшін де үлкен әлеуетіміз бар. Қазақстанның Түркі әлемімен екі жақты келісімдеріне талдау жасадық. Сол есептерге сәйкес жақын болашақта осы елдермен жалпы тауар айналымының көлемін 23 миллиард долларға дейін жеткізуге болатынын анықтадық.