Жоғары маржиналды дақылдарға сұраныс көбейді
Батыс Қазақстан облысының агросекторы биыл айтарлықтай серпін көрсетті. Ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы көлемі 56,6 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артқан. Тоғыз айдың ішінде өңір 240 млн теңгеден аса өнім өндіріп, егіс алқабы кеңейіп, жоғары маржиналды дақылдарға сұраныс көбейді. Мал шаруашылығында да өсім бар.
Биыл өңір диқандары 638 мың гектар алқапқа дән сеуіпті. Әсіресе ноқат,
жасымық және майлы дақылдар айтарлықтай артқан. Орақ науқаны толық аяқталды.
Нәтиже - былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. 365 мың тонна астық, 104 мың
тонна майлы дақыл жиналған.

