Қазақстандық көмірге сұраныс артты

Қазақстандық көмірге сұраныс артты

Әлем нарықтарында қазақстандық көмірге деген сұраныс артты. Жыл басынан бері еліміз 23 млн тонна көмір экспорттаған. Жаңа сатып алушылар қатарында Ұлыбритания, Корея, Марокко, Үндістан, Болгария бар. Біріккен Корольдікке 192 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілген. Ал Түркия, Польша, Өзбекстан, Швейцария, Қытай сынды мемлекеттер тапсырыс көлемін ұлғайтқан. Қазір елімізде 34 млрд тоннаға жуық қатты отын қоры бар. Осылайша Қазақстан үздік ондыққа кіріп отыр. Отандық көмір кәсіпорындары биылғы жылдың тоғыз айында 79 млн тоннадан астам көмір өндірген. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден шамамен 1,5% көп.

Николай Радостовец, Тау-кен өндіруші кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

- Еуропада газ бағасы өсті. Енді олар энергияның арзан түрлерін іздейді. Еуропада ғана емес, басқа да бірқатар мемлекетте көмір шахталарын қайта ашу жұмыстары жүргізілуде. Енді бізге оны қай елге және қалай сата алу жағын ойлау қажет. Бұл жерде Үкіметтің көмегі қажет. Өйткені көмір жеткізу мүмкіндіктерін іздестіру керек.