Қазақстандық QazVac вакцинасы өзге мемлекеттерде сұранысқа ие

Қазақстандық QazVac вакцинасы өзге мемлекеттерде сұранысқа ие

Отандық QazVac вакцинасы Қазақстаннан өзге мемлекеттерде де сұранысқа ие. Бүгінгі таңда халықаралық сарапшылар оған жоғары баға беруде. Бұл ретте, ковидке қарсы вакцинаны әзірлеушілердің өздері оның бірнеше артықшылықтарын атады. Оның ішінде, мұздатуды талап етпейтіндігі, сақтау жағдайларының қарапайымдылығы, сондай-ақ оның қауіпсіздігі мен тиімділігіне тоқталды. Айта кетейік, өткен жылы короновирус індетіне қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі аяқталғаны белгілі болды. Дәл сол жылдың шілде айында әзірлеушілер QazVac вакцинасын  салдырып, оның қауіпсіздігін растаған еді.

Күнсұлу Закарья, ҚР ДСМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

– Қазіргі таңда біздің клиникалық зерттеулеріміздің нәтижелері халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болғандығына көріп отырмыз. Оған біз туралы халықаралық The Lancet медицина журналында шыққан жарияланымдар дәлел. 

Бүгінгі күні QazVac вакцинасын сатып алуға бірнеше шетелдік мемлекет қызғушылық білдіріп отырғанын айта кеткен жөн. Олардың қатарында Швейцария, Үндістан, Индонезия, Беларусь және Иордания елдері бар. Аталған мемлекеттермен келіссөздер белсенді түрде жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазір елімізде отандық азаматтарды вакциналау және ревакцинациядан өткізу үшін QazVac-тың 400 мыңнан астам, ал сырттан келген вакциналардың шамамен 2 млн дозасы бар.