Қазақстандық төрт фильм Британ кинофестивалінің финалына өтті

«Үздік қысқаметражды фильм» аталымында режиссер Рамазан Халиолланың Barn фильмі, «Үздік деректі фильм» аталымында режиссер Ақбөбек Төлжанованың «Ұйқыдағы арудың оянуы» фильмі мен режиссер Aлмас Мақсұттың «Segiz» фильмі, «Үздік Еуразиялық кино» аталымында Марина Қонарованың «Ұлы дала зары» фильмі бақ сынайды. Жалпы биыл Еуразия кинофестиваліне барлығы 18 елден өтінім келіп түскен. Атап айтқанда Қазақстаннан өзге  Ұлыбритания, Украина, Израиль, Грузия, Әзербайжан, Франция, Беларусь, Аргентина, Ресей, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Иран, Польша, Швеция, Молдова, Қырғызстан қатысуда. Фестивальді ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара мамырдың 30-ына дейін жалғасады.