Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге қарыз

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге қарыз

Қазақстанда қорықпай микроқаржы ұйымдарынан қарыз алатындардың саны артып келеді. Оған Ұлттық банктің берген есебі бірден-бір дәлел. Мәселен, 2024 жылдың мамырында бұл сома 2,5 трлн теңге болыпты. Яғни, бір жылдың ішінде халықтың микроқаржы ұйымдары алдындағы несие берешегі 400 млрд теңгеге өскен. Жалпы алғанда, ел экономикасындағы несие қарызы 42,8 трлн теңгені құрап отыр. Оның 54,4 пайызы – жеке азаматтарға, ал қалғаны заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге тиесілі. Несие көлемінің басым бөлігі, яғни, 90 пайыздан астамы ұлттық валютада берілген. Сарапшылар несиелендіру көлемінің артуы экономикалық белсенділіктің көрсеткіші болғанымен, халықтың қарыз жүктемесі де күрт өсіп отырғанын айтады.