Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ ЖОО-ға құжаттар тапсыра алады

Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ ЖОО-ға құжаттар тапсыра алады

Қазақстандық талапкерлер үйлерінен шықпай-ақ жоғары оқу орнына түсуге өтініш бере алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Ведомство 2021 жылы пандемия жағдайында құжаттарды университеттерге бармай тапсырудың бірнеше әдісі әзірленгенін атап өтті. Осы жылы республиканың жоғары оқу орындарында виртуалды кабинеттер қайтадан іске қосылды. Консультацияны қабылдау комиссиясы жүргізеді, ал құжаттар Zoom, Google Meet секілді басқа да бейнебайланыс түрлері арқылы қабылданады. Айта кетейік, білім гранттарын тағайындау шілденің 13-інен 20-сына дейін жүргізіледі.