Қазақстандықтар контактісіз төлем жасауды жиілеткен

Қазақстандықтар контактісіз төлем жасауды жиілеткен. 2021 жылдың бірінші жартысында республика тұрғындары смарт сағаттар мен ұялы телефондары арқылы жалпы сомасы 104 миллиард теңгені құрайтын 19 миллион транзакция жасаған. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлайды. Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында әсіресе QR-код арқылы төлем жүргізу жоғары сұранысқа ие. Былтырдың бірінші жарты жылында 192 миллион операция осы тәсілді қолдану арқылы жасалып, бір триллион теңгеден астам соманың сатып алулары жүзеге асырылған. Қазақстандықтардың сұранымдарына кәсіпкерлер де ыңғайлануға тырысады. Атап айтқанда, соңғы екі жыл ішінде елімізде қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын сауда нүктелерінің саны 4 есеге артып, 600 мыңға жеткен.