Лос-Анджелестегі ереуіл күшейіп кетті

Лос-Анджелестегі ереуіл күшейіп кетті

Лос-Анджелестегі тәртіпсіздікке байланысты АҚШ-та тұратын қазақстандықтардан ешқандай өтініш пен шағым келіп түскен жоқ. Арнамыз жолдаған сауалға еліміздің Сыртқы істер министрлігі осылай деп жауап берді. Айта кетейік, осы елдегі консулдық тіркеуде 3669 Қазақстан азаматы тұр. Ал қаладағы ахуалға келсек, жағдайды бақылау үшін 2700 жауынгер келді. Олар Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскері.