Қазақстандықтар виртуалды бірегей ойын ойлап тапты

Қазақстандықтар виртуалды бірегей ойын ойлап тапты

Ұлттық нақыштағы компьютерлік ойын. Қазақстандық әзірлеушілер ұялы телефонға жүктелетін бірегей ойын ойлап тапты. Онлайн кеңістікке енгендер қамшы ұстап, тұлпар тізгіндей алады. Жауынгерлік жекпе-жектің түр-түрі табылады. Интерфейсі түгел мемлекеттік тілде. Оны қосымшалар дүкендерінде пайда болған күннен бастап 300-дей адам ұялы телефондарына жүктеп үлгерген.

Дамир Қаражігітов, ойынның авторы:

- Корольдік жекпе-жекте түрлі көлік құралы бар. Бір нүктеден екіншісіне жету үшін қолданылады. Осы қозғалыс құралы үшін атты енгіздік.