Қазақстандықтардың банктерге берешегі азайған
Банкроттық туралы заңның арқасында қазақстандықтардың банктерге берешегі азайған. Ұлттық банктің дерегінше, тұрғындар соның өзінде банктерге 492 млрд 400 млн теңге қарызын төлей алмай жүр. Бұл тізімде алматылықтар көш бастап тұр. Олардың кешіктірілген кредиті 200 млрд теңгеден асып кеткен. Одан кейін Шымкент пен Астана тұрғындары көп. Банк алдында берешегі аз өңір Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстары. Кредитке көлік алатындар көбейген. Маусым айының өзінде қазақстандықтар 129 млрд теңгеге автонесие рәсімдепті. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 16% көп. Сонымен қатар, ипотекаға үй алғандар аз емес. Маусымда банк несиесіне жүгінгендер саны 14% артқан. Есесіне микронесие алатындар азайған. Себебі, кейбір қаржы ұйымдарының лицензиясы тоқтатылған. Қазір қазақстандықтардың 46 млрд теңге төленбеген микронесиесі бар.

