Батыс Қазақстан облысында бензин тапшы тапшы

Батыс Қазақстан облысында бензин тапшы тапшы

Батыс Қазақстан облысында бензин тапшы. Бұл, әсіресе, Бөкей Ордасы, Жәнібек сияқты шалғай аудандардың тұрғындарына қатты сезілді. Мамандар бұл мәселені Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуымен байланыстырып отыр. Өңірдегі жанармай стансалырының 20 пайызында АИ-92 бензині жоқ. Энергетика басқармасы өкілдерінің сөзінше сақтау қоймаларында 3 638 тонна АИ-92, 500 тонна АИ-95 және 10 672 тонна дизельді отын бар. Еске салайық, өңірде осыған дейін көгілдір отын тапшылығы болған.