Қазақстандықтардың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді

Қазақстандықтардың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді

Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленді. Жоспар бойынша, құжат келесі аптаның соңында қабылданбақ. Ел Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жоба бірнеше бөлімнен тұратынын атап өтті. Басты назар басқарма және өндірістік қызметкер арасындағы табыс айырмашылығын теңестіруге қойылады, бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Бұл ең алдымен, еңбек табысына, бизнес кірісіне қатысты. Әрине, табысты арттыру мәселесі жоғары өнімді еңбекпен және тәжірибемен тікелей байланысты. Сол себепті болашақта жоғары білікті мамандарды дайындауға екпін қойылмақ. Осы бағытта нақты мәселелер іс жүзінде қолға алынуда.